Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

77 мың км газ тарату желісі жылыту маусымына дайындалуда

77 мың км газ тарату желісі жылыту маусымына дайындалуда
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі 2026–2027 жылдардағы алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын-энергетика кешені нысандарын дайындауға ерекше көңіл бөледі. Газ инфрақұрылымының сенімді жұмысы қысқы жүктемелер кезеңінде тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз энергиямен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Осы жұмыс аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ 2026–2027 жылдардағы алдағы күзгі-қысқы кезеңге газ шаруашылығын кешенді дайындауды жалғастыруда. Компанияның жауапкершілік аймағында 77 мың км газ тарату желісі, сондай-ақ оларда орналасқан газ шаруашылығының нысандары мен құрылыстары бар. Бүгінде дайындықтың жалпы деңгейі 91%-ды құрайды.

Жазғы кезеңде «QazaqGaz Aimaq» АҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ, коммуналдық қызметтермен, өңірлердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларымен және ірі кәсіпорындармен бірлесіп, тұтынушыларды сенімді, қауіпсіз және үздіксіз газбен қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыстар кешенін жүргізуде.

Жылыту кезеңіне дайындық аясында реттеу және профилактикалық жұмыстар орындалуда. Бүгінде:

· ГРП және ГРПБ-ға ағымдағы жөндеу жұмыстары 92%-ға орындалды;

· ГРПШ және ШРП-ға ағымдағы жөндеу жұмыстары – 93%;

· электрохимиялық қорғау құралдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары – 93%;

· газ құбырларына аспаптық тексеру – 96%;

· ажырату құрылғыларына техникалық қызмет көрсету – 84%.

Биыл QazaqGaz Aimaq» газ қысымының төмендеу себептерін жоюға және газ тарату желілерінде апаттық жағдайлардың туындау тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған қосымша іс-шараларды да іске асыруда.

Барлығы 227 осындай іс-шара көзделген, оның 206-сы немесе 91%-ы орындалды. Атап айтқанда:

· газ құбырларын сақиналау – 93%;

· қосымша ШГРП орнату – 90%;

· ШГРП-дағы қысым реттегіштерін ауыстыру – 90%;

· газ құбырларының диаметрін ұлғайту – 89%.

Газ шаруашылығын алдағы жылыту маусымына дайындауға 6 306 өндірістік персонал қызметкері тартылды. Компанияның қызмет көрсетуінде 287 360 ГРП, ПГБ және ШГРП бірлігі бар.

Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар қысқы жүктемелердің ең жоғары кезеңінде тұтынушыларды тұрақты, үздіксіз және қауіпсіз газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді