Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұзда негізгі электр станцияларының жылыту маусымына дайындығы талқыланды

Екібастұзда негізгі электр станцияларының жылыту маусымына дайындығы талқыланды
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Екібастұз ГРЭС-1 станциясына барып, алдағы күзгі-қысқы кезеңде еліміздің ірі энергия көздерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Кеңеске «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз ГРЭС-2, «ЕЭК» АҚ, Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығы қатысты.

Кеңес барысында электр станцияларының ағымдағы жұмыс көрсеткіштері, жөндеу бағдарламаларының орындалуы және жабдықтардың пайдалану сенімділігін арттыру шаралары қаралды.

Өткен жылыту маусымындағы энергия нысандары жұмысының мониторинг нәтижелеріне ерекше назар аударылып, соның қорытындысы бойынша технологиялық бұзушылықтарды азайтуға және жабдықтардың тұрақты жұмысын арттыруға бағытталған қосымша техникалық және өндірістік бақылау шаралары айқындалды.

Комитет төрағасы Екібастұз энергия торабындағы жүйе құраушы электр станциялары еліміздің тұрақты энергиямен жабдықталуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтіп, оларды дайындау мәселелері Энергетика министрлігінің ерекше бақылауында екенін айтты.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Екібастұз ГРЭС-1 станциясында бір энергоблок күрделі жөнделуде, Екібастұз ГРЭС-2-де де бір энергоблокта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде «ЕЭК» АҚ бір энергоблоктың күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады.

«Негізгі міндет – жабдықтардың жылыту маусымына толық дайын болуын қамтамасыз ету. Барлық жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес және сапа мен сенімділік талаптарын сақтай отырып орындалуы тиіс», – деп атап өтті Ержан Ертаев.

Кеңес қорытындысы бойынша электр станцияларының басшылығына жөндеу жұмыстарының уақтылы әрі сапалы орындалуына жеке бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды. Комитеттің аумақтық департаментіне энергия көздерінің күзгі-қысқы кезеңге дайындығына апта сайын бақылау жүргізу жүктелді.

Жұмыс сапарының соңында Ержан Ертаев Екібастұз ЖЭО-сына да барып, жөндеу науқанының барысы мен жылу көзінің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді