Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында өңірлердің алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы қаралды.

Жылыту маусымына әзірлік бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндады.

Өңірлерде 10 мыңнан астам автономды қазандық немесе 99%-ы, 45,6 мыңнан астам тұрғын үй (94%) дайындалды. 3,8 мың км жылу желілері (96%), 13,6 мың км сумен жабдықтау желілері (99%) жөнделді. Жылыту маусымына 11,1 мыңнан астам (99%) білім беру объектілері және 5,7 мың (99%) денсаулық сақтау объектілері дайындалды. Көмір өндіруші компаниялар 68 млн тонна көмір өндірді.

Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 14,4 млрд теңгені құрайды. Ең көп дебиторлық берешек Алматы қаласында – 2,88 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласында – 2,56 млрд теңге, Шымкент қаласында – 2,47 млрд теңге және Қызылорда облысында – 1,55 млрд теңге.

«Жалпы өңірлердің әкімдіктері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім беру, әлеуметтік сала объектілері мен жылу энергиясы көздерін жылыту маусымына дайындау бойынша жұмыс жүргізді. Өңірлерде жылыту маусымы жоспар бойынша  басталады», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы әкімдіктерге инженерлік желілерде, білім беру, денсаулық сақтау объектілері мен үйлерде жоспарланған жөндеу жұмыстарының бәрін белгіленген мерзімде аяқтауды, аса қысқа мерзімде жылыту маусымын өткізуге әзірлік паспорттарын алуды қамтамасыз етуді жүктеді. 

Премьер-Министр барлық автономды жылу көздерін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етуді, көмір тапшылығына жол бермеу үшін өңірлерде көмір жеткізушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасасуды және коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік үшін әрі тұрғындарға отын жеткізуге ұдайы мониторинг жүргізуді тапсырды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты