Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 26 энергетикалық жабдық пен 12 мың шақырым электр желісі жөнделді

Қазақстанда 26 энергетикалық жабдық пен 12 мың шақырым электр желісі жөнделді
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Бүгін Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде алдағы жылыту маусымына энергетика саласының дайындығы жөніндегі Республикалық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Отырысқа әкімдіктердің, «KEGOC», «Самұрық-Энерго», «ОАЭК», «Қазақстан темір жолы» ҰК, «QazaqGaz Aimaq», «ҚазМұнайГаз» ҰК, «Қаражыра», «Интергаз Орталық Азия», «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС өкілдері, сондай-ақ елдің энергетикалық кәсіпорындарының басшылығы қатысты.

Комитет төрағасы Ержан Ертаев жөндеу науқаны шешуші кезеңге шыққанын атап өтті. 

«Жылыту маусымының басталуына аз уақыт қалды. Сондықтан барлық жөндеу жұмыстары сапалы әрі бекітілген кестелерге сәйкес толық аяқталуы тиіс», – деді ол.

Бүгінгі таңда электр станцияларында негізгі энергетикалық жабдықтың 26 бірлігіне күрделі жөндеу аяқталды. Оның ішінде 3 энергоблок, 14 қазандық және 9 турбина бар. Қазіргі уақытта 54 энергетикалық жабдық жөндеуде. Электр желілерінде 11,7 мың шақырым электр беру желісі, 294 қосалқы станция және 2501 тарату және трансформаторлық пункт жөнделді. Жылумен жабдықтау объектілерінде 139 шақырым жылу желісі жөнделді.

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту Ұлттық жобасы аясындағы іс-шараларды практикалық іске асыруды ерекше бақылауда ұстау қажеттілігіне назар аударылды. Бүгінде Энергетика министрлігі жылу желілері бойынша 137 жобаны іске асыруды қолдады.

Қысқы кезеңге арналған нормативтік отын қорын қалыптастыру жалғасуда. Электр станцияларында 3,9 млн тонна көмір және 138 мың тонна мазут жинақталды. Өңірлік көмір операторларына жылыту маусымы басталғанға дейін көмір қорын толық дайындау тапсырылды. Комитет төрағасы атап өткендей, көмір жеткізілімдерін бақылау үшін жасанды интеллект элементтері енгізілген цифрлық платформа әзірленуде. Бұл көмірдің кен орнынан тұтынушыға дейінгі қозғалысын толық қадағалап, жеткізілімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дайындық паспорттарын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дайындық паспорттарын белгіленген мерзімде рәсімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды алдын ала әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша өңірлердегі әкімдіктер мен энергетикалық кәсіпорындардың басшыларына жөндеу науқанын уақтылы аяқтау, жобаларды іске асыруға бақылауды күшейту, тәуекелдерді жою бойынша қажетті шараларды қабылдау, сондай-ақ объектілерді жылыту маусымына дайындау іс-шараларының орындалуын және дайындық паспорттарын белгіленген мерзімде алуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Энергетика министрлігі алдағы жылыту маусымына электр және жылу энергетикасы объектілерінің дайындығына апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастырады. Негізгі міндет – күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларды сенімді әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз ету.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді