Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді

Роман Скляр алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

Жұма күні, 21 шілдеде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Алдағы жылу беру маусымын үздіксіз әрі қауіпсіз өткізу мақсатында жергілікті атқарушы органдар энергия нысандарын, инженерлік инфрақұрылымды, сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қорын жоспарлы түрде дайындауда. Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының әкімдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері жетекшілік ететін салалар мен ондағы өзекті мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды.

Талқылау нәтижесі бойынша Роман Скляр облыс әкімдеріне алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін барлық жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Өз кезегінде, тиісті министрліктерге энергетикалық кәсіпорындар мен инженерлік инфрақұрылым нысандарының күзгі-қысқы кезеңге дайындығы бойынша бақылауды күшейту тапсырылды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді