Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жас педагогтерді даярлау және жұмысқа орналастырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Алматыда жас педагогтерді даярлау және жұмысқа орналастырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Білім басқармасы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Ынтымақтастық орнатылған жоғары оқу орындарының қатарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, SDU University, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті және De Montfort University бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – Алматы мектептерінің өзекті қажеттіліктерін ескере отырып, педагог кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ жас мамандардың кәсіби қалыптасуы мен жұмысқа орналасуына қосымша мүмкіндіктер жасау.

Меморандумдар аясында болашақ педагогтерді даярлау сапасын арттыруға, студенттердің педагогикалық практикадан өту және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейтуге, түлектерді қаланың мемлекеттік білім беру ұйымдарына жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар мектеп оқушыларымен бірлескен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жобаларды жүзеге асыру, педагогтердің кәсіби құзыреттерін арттыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізіледі.

Жаңа серіктестік жоғары және орта білім беру жүйелері арасындағы байланысты нығайтып, болашақ мұғалімдер үшін «жоғары оқу орны – практика – жұмысқа орналасу – кәсіби даму» бағытындағы түсінікті кәсіби траекторияны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл Алматы үшін білім беру ұйымдарының желісі кеңейіп, білім беру инфрақұрылымы жаңарып жатқан қазіргі кезеңде ерекше маңызды. Жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мектептерді білікті мамандармен қамтамасыз етіп қана қоймай, жастар арасында педагог мамандығының тартымдылығын арттыруға да ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді