Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық мектептерде болашақ ұстаздарды даярлайтын педагогикалық сыныптар жұмыс істейді

Елордалық мектептерде болашақ ұстаздарды даярлайтын педагогикалық сыныптар жұмыс істейді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласында 50 мектепте мұғалім мамандығына қызығушылық танытатын оқушыларға арналған педагогикалық сыныптар жұмыс істейді. Жоба 2024 жылдан бастап «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты Ұлттық баяндама аясында жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бастама Астана халықаралық университеті, Еуразиялық гуманитарлық институты және Астана халықаралық университетінің Жоғары педагогикалық колледжімен бірлесіп іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың педагог мамандығын саналы таңдауына жағдай жасап, білім беру саласына болашақ білікті кадрларды даярлау.

Биыл жоба аясында 9-11-сыныптардың 400-ден астам оқушысы жоғары оқу орындарының профессорлары өткізген дәрістерге, тренингтерге және шеберлік сабақтарына қатысты. Сонымен қатар, «iTeacher» ІІІ жастар педагогикалық форумы, «Педагогикалық апгрейд – 2026» IV өңірлік форумы және «Кәсіби старт» қалалық слеті ұйымдастырылды.

Жобаға қатысушылар үшін серіктес жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарына түсу кезінде арнайы емтиханнан босату мүмкіндігі қарастырылған.

Жоба басталғалы бері мектептерде педагогикалық сыныптардан тәжірибеден өткен 150-ден астам түлек педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Ал 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша 200-ден астам түлектің педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарына түседі деп жоспарланып отыр.

«Педагогикалық сынып» жобасы педагог мамандығының беделін арттырып, елорданың білім беру жүйесін жас әрі білікті мамандармен толықтыруға бағытталған маңызды бастама болып саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді