Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда шетелдік студенттер тұрақты түрде көбейіп келеді

Алматыда шетелдік студенттер тұрақты түрде көбейіп келеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының 35 жоғары оқу орнында 236,1 мың студент оқиды. Студенттердің елеулі бөлігі еліміздің басқа өңірлерінен келгендер және шетелдік азаматтар. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала өңірдегі ең ірі білім беру орталықтарының бірі. Көпұлтты студенттік орта алматылық жоғары оқу орындарына деген тұрақты қызығушылықты арттырып, қаланың білім беру экожүйесінің халықаралық сипатын күшейтіп отыр.
Айта кетейік, 2023 жылы Қазақстанда 82 елден келген 26 мың шетелдік студент білім алған. Бұл елдегі студенттердің жалпы санының 4,4% - ы (606 мың адам).

Шетелдік студенттердің елеулі бөлігі еліміздің ең ірі студенттік орталығы саналатын Алматыға тиесілі.
Шетелдік студенттердің басым көпшілігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқиды - 4,5 мың адам. Екінші орында С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті. Мұнда 1,9 мың шетелдік студент білім алып жүр, оның ішінде 1,2 мың адам (63,2%) үнді этносының өкілдері.

Үздік үштік қатарында Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті бар. Аталған оқу орнында Түркіменстаннан келген 1,9 мың шетелдік студент білім алып жүр. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 1,8 мың шетелдік студент оқиды.

«Соңғы бір жылдың ішінде шетелдік студенттер саны 45%-дан астамға өсті (17,1 мыңнан 22,6 мыңға дейін, яғни 5,5 мыңға артты). Біздің жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингтердегі орнын нығайтып, халықаралық бағдарламаларды дамытып, жоғары сапалы заманауи білім беру ортасын қалыптастырып жатқаны біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келетін студенттердің қызығушылығын оятады», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті