Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында педагогикалық мамандар даярлайтын елорданың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «Жұмыс беруші серіктес ретінде: білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы колледждермен өзара іс-қимылдың тиімді модельдері» форсайт-сессиясы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Форсайт-сессияны ұйымдастырушылар: Астана қаласының Білім басқармасы, М.Жұмабаев атындағы халықаралық жоғары колледжі.
Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарды дамыту, колледждердің рөлі және еңбек нарығының талаптары контекстінде болашақ педагогтерді даярлаудың басымдықтары мен міндеттерін талқылау.
Форсайт-сессияға Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары мен әлеуметтік серіктестері, «Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі» мекемесі шақырылды.
Форсайт-сессия шеңберінде жетекші педагогтер тәжірибесімен бөлісіп, сондай-ақ, студенттерді практикалық даярлау бойынша жұмыс берушілермен бірлескен жобаларды әзірлеу мәселесі талқыланды.