Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ пиротехниканы пайдалану талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салады

ІІМ пиротехниканы пайдалану талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салады
Фото: polisia.kz

ІІМ азаматтарды пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және айналадағы тұрғындардың тыныштығын бұзбауға шақырады. Жыл басынан бері пиротехниканы қолдану және оның айналымына қатысты талаптарды бұзғаны үшін 251 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы уақытта көпқабатты үйлердің тұрғындары туған күн және өзге де мерекелерді тікелей аулада отшашу ұйымдастыру арқылы атап өтетін жағдайлар жиілеп отыр. Оның ішінде түнгі уақытта да пиротехникалық бұйымдар қолданылатын жағдайлар бар. Алайда бірнеше минутқа созылатын мерекелік отшашу көршілердің наразылығын тудырып қана қоймай, жарақат алуға, өрт шығуына және әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Еске саламыз: елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдануға белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Заңнамада мерекелік күндерге, соның ішінде Жаңа жыл түніне қатысты ешқандай ерекшелік қарастырылмаған.

Жыл басынан бері пиротехниканы қолдану және оның айналымына қатысты талаптарды бұзғаны үшін 251 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 237 адам пиротехникалық бұйымдарды елді мекендерде қолданғаны үшін, тағы 14 адам оларды сақтау, пайдалану, тасымалдау және сату тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Мұндай құқық бұзушылықтардың ең көп саны ірі қалаларда тіркеледі. Астанада 74 адам, Алматыда 58 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Сертификатталмаған пиротехниканы пайдалану және қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамау ауыр жарақаттарға және өртке әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері өртке қарсы қызмет мамандарымен бірлесіп профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Пиротехникалық бұйымдарды жеткізушілер, қоймалар, базарлар мен сауда орындары тексеріліп, заңсыз сауда жасауға және сертификатталмаған пиротехниканы өткізуге жол бермеу шаралары қабылдануда. Тағы бір маңызды мәселе – тыныштықты сақтау. Жыл басынан бері еліміз бойынша 79 мыңнан астам тыныштықты бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 78 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтарды мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде жауапкершілік танытуға шақырамыз. Қауіпсіздік талаптарын сақтап, тек сертификатталған пиротехникалық бұйымдарды сатып алыңыздар және айналадағы адамдардың тыныштығын ескеріңіздер. Мереке жарақатқа, өртке немесе өзге адамдарға қолайсыздық туғызатын жағдайға айналмауы тиіс.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді