Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында түнгі уақытта отшашу ұйымдастырған азамат жауапқа тартылды

Жетісу облысында түнгі уақытта отшашу ұйымдастырған азамат жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында түнгі уақытта отшашу ұйымдастырған азамат жауапқа тартылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Талдықорған қаласының Қаратал шағынауданындағы мейрамханалардың бірінің маңында мерекелік іс-шара кезінде отшашу мен пиротехникалық бұйымдар қолданылғаны бейнеленген видео таралуда. Мұндай әрекеттер тұрғындардың тыныштығын бұзып, айналадағы адамдарға қолайсыздық туғызады әрі қоғамдық тәртіпке кері әсер етеді. "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша жедел тексеру жүргізіп, құқық бұзушыны анықтады.

Нәтижесінде 19 жастағы жергілікті тұрғын пиротехникалық бұйымдарды пайдалану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға және айналадағы азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне құрметпен қарауға шақырады. Полиция тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын құрметтеуге және өзгелердің тыныштығын бұзатын әрекеттерден аулақ болуға үндейді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді