Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Отшашу атқан екі елордалық бес тәулікке қамауға алынды

Отшашу атқан екі елордалық бес тәулікке қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Астанада түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалануға байланысты қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу фактілерінің алдын алу жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаладағы білім беру ұйымдарының бірінің маңында пиротехникалық бұйымдарды іске қосу фактісі анықталды. Белгілі болғандай, 23 жастағы ер адам сүйіктісінің туған күнін отшашумен атап өтпек болған. Алайда оның әрекеті жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінде тұратын азаматтардың тыныштығын бұзған. Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасау, тыныштықты бұзу, сондай-ақ елді мекендерде және бұл үшін арнайы белгіленбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды пайдалану фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдалану бойынша тағы бір дерек тіркелді. 22 жастағы ер адам досын туған күнімен құттықтау мақсатында отшашу атып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот шешімімен оған да бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен тыныштық талаптарын сақтауды ескертеді. Полиция тұрғындарды айналасындағылардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне құрметпен қарауға, ал пиротехникалық бұйымдарды тек рұқсат етілген орындарда және белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып пайдалануға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді