Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда тұрғыны отшашу атамын деп 5 тәулікке қамалды

Елорда тұрғыны отшашу атамын деп 5 тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz

Астанада полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің маңында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алу және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осындай жағдайлардың бірі тұрғын үй кешендерінің маңында орналасқан мейрамхана жанында тіркелді. Анықталғандай, 32 жастағы ер адам салтанатты шараның аяқталуын атап өту мақсатында отшашу ұйымдастырған. Алайда мерекелік фейерверк жақын маңдағы тұрғындардың тыныштығын бұзған. Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот қаулысымен ер адам бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция пиротехникалық бұйымдарды белгіленген талаптарды бұза отырып пайдалану азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, тұрғындардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін ескертеді.  Мерекелік шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Мереке өзгелердің тыныштығы мен қауіпсіздігіне зиян келтірмеуі тиіс.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді