Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мен пайдалануға бақылау күшейтілді

Шымкентте пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мен пайдалануға бақылау күшейтілді
Фото: polisia.kz

Тұрғындардан түнгі уақыттағы отшашулар мен шуға қатысты шағымдардың түсуіне байланысты полиция қызметкерлері қала аумағында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мен пайдаланудың жолын кесуге бағытталған екі күндік рейдтік іс-шара өткізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейд барысында пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатудың 19 дерегі анықталды. Лицензиясыз және сақтау талаптарын бұза отырып сатылған 441 пиротехникалық бұйым тәркіленді. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар елдімекен аумағында түнгі уақытта отшашу атқан азамат анықталды. Ол пиротехникалық бұйымдарды арнайы белгіленбеген жерде пайдаланғаны және түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жазаланды. Айта кетейік, қала бойынша жыл басынан бері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз пайдаланудың 44 дерегі тіркелген.

Полиция заңсыз сатылған және пайдаланылған пиротехникалық бұйымдар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Заңсыз айналымдағы өнімдер тәркіленіп, жойылады. Сондай-ақ түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзған тұлғалар да жауапқа тартылады. Қатты дыбысты отшашулар қарт адамдарға, балаларға, науқас жандарға және тынығуға құқығы бар барлық тұрғынға қолайсыздық туғызады. Бұдан бөлек, пиротехникалық бұйымдарды бақылаусыз пайдалану өрт шығу қаупін арттырып, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және қоғамдық тәртіпті бұзып, өзге адамдарға қолайсыздық келтіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды