Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 9 мамырға орай қандай іс-шаралар өтеді

Астанада 9 мамырға орай қандай іс-шаралар өтеді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада Жеңіс күніне орай 9 мамырда мазмұнды мерекелік бағдарлама өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттер, спектакльдер, көше акциялары, көрмелер мен патриоттық бастамалар ұйымдастырылады. Мерекелік іс-шаралар қаланың әртүрлі аумағында өтіп, мәдени, әлеуметтік және білім беру бағыттарын қамтиды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

8 мамыр күні сағат 11:00-де Нұрлы жол теміржол вокзалы ғимаратында 9 мамырға арналған тақырыптық көрме ашылады. Елорданың мемлекеттік архиві «Ерлік дастаны» тарихи-құжаттық көрмесін және тыл еңбеккерлеріне арналған материалдар экспозициясын ұсынады.

Сол күні сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония сахнасында «Ерлік дастаны» мерекелік концерті өтеді. Сонымен қатар сағат 19:00-де М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры көрермендерге «Әлия» спектаклін ұсынады.

9 мамыр күні сағат 12:00-де Әзербайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры алдында мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Сондай-ақ дәл осы уақытта Қалалық алаң аумағында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Жеңіс күніне арналған концерт өтеді.
Кешкі сағат 18:00-де театр сахнасында «Ар адамы – Бауыржан» қойылымы көрсетіледі. Сонымен қатар Музыкалық жас көрермен театры сахнасында «Мәншүк» спектаклі қойылады.

Осы күні сағат 18:00-де Амфитеатр аумағында мерекелік концерт өтеді. Ал Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық-драма театры сахнасында «Жеңіс күні» симфониялық оркестр концерті ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Жеңіс күніне орай елорда ардагерлеріне дәстүрлі түрде біржолғы әлеуметтік төлемдер берілді. Төлемдер Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы №84/10-VIII шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету қағидалары негізінде жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, Астанадағы Ұлы Отан соғысының ардагеріне 5 миллион теңге көлемінде төлем жасалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді