Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорған маңында құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру фактісі тоқтатылды

Талдықорған маңында құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру фактісі тоқтатылды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері табиғатты қорғау прокуратурасы, Талдықорған қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция ротасы және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп Балықты өзенінің жағалауында рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейд барысында полицейлер құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру және тиеу фактісін анықтады. Оқиға орнында табиғи материалды заңсыз тиеуге қолданылған трактор мен екі жүк көлігі анықталды. Трактор арнайы тұраққа қойылды. Аталған факт бойынша қажетті материалдар жинақталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін Жетісу облысы бойынша экология департаментіне жолданады.

“Заң және Тәртіп” қағидатын іске асыру аясында Жетісу облысының полициясы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланудың жолын кесу, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. Аталған бағыттағы рейдтік және профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді