Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 91 фактісі анықталды

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 91 фактісі анықталды
Фото: Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі

Жер қойнауын заңсыз пайдалану жайттарын анықтап, заңсыздыққа жол бермеу мақсатында, Түркістан облысы полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен облысқа қарасты 17 аудан аумағында жер қойнауларын заңсыз пайдалану фактілерінің жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Оған ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының полицейлері, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен табиғатты қорғау тобының инспекторлары жұмылдырылды. Ал бүгіннен бастап департамент бастығының нұсқауымен тағы да қосымша күш ретінде полиция қызметкерлерінен топ құрылып, аудандарға жолданды.

Мәселен Департамент бастығының қадағалауымен құрылған топпен атқарылған шара барысында 6 ай ішінде 91 дерек анықталса, соңғы 22 тәулікте 27 факт тіркелді. Аталған жайттар бойынша тиісті құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін Экология департаментіне жолданды.

Сонымен қатар жер қойнауларын заңсыз пайдалану бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген. Ал айыптұраққа 50-ден астам «HOWO», 8-Экскаватор, 5-Жүк тиегіш көлік, 9-«КАМАЗ» орналастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар полицейлердің күн тәртібінен түспей арнайы шаралар облыстың барлық аумағында жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді