Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 20-дан астам дерегі анықталды

Жетісу облысында инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 20-дан астам дерегі анықталды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 20-дан астам дерегі анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері инертті материалдарды заңсыз өндіру және тасымалдау фактілерін анықтау мен жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Жыл басынан бері өңір аумағында құм, қиыршық тас және өзге де инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдаудың 21 дерегі анықталып, жолы кесілді.

Мәселен, 16 мамыр күні түнгі уақытта Талдықорған – Үштөбе автожолының Еңбек ауылы маңында жүк көлігін тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз шамамен 10 тонна қиыршық тас тасымалдау фактісі анықталды. Сондай-ақ сол түні Алматы – Өскемен автожолының Көксу ауданы аумағында полицейлер құмды қажетті ілеспе құжаттарсыз тасымалдап келе жатқан жүк көлігін тоқтатты. Аталған екі дерек бойынша материалдар заңнама талаптарына сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады. Жиналған материалдар одан әрі қарау және тиісті шара қабылдау үшін уәкілетті органға жолданады.

- Инертті материалдарды заңсыз өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп, табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын бұзады. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады, ал мұндай құқықбұзушылықтар дер кезінде анықталып, жолы кесілетін болады, – деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
6 комментариев
  • Marti
  • 01-06-2026, 01:14
  • : 01:14
References: Casino slot games download siobhanvtmn788430.anchor-blog.com
  • Arianne
  • 01-06-2026, 02:48
  • : 02:48
References: Roulette online game earthwiki.space
References: Palm springs casino https://egamersbox.com
  • Larue
  • 01-06-2026, 04:22
  • : 04:22
References: River rock casino richmond https://loriiwcp355082.total-blog.com/
  • Leah
  • 01-06-2026, 06:27
  • : 06:27
References: Slot machines https://deaconttdi300020.blogsumer.com/40435002/casino-of-gold-dein-ultimativer
-guide
References: Wild rose casino clinton iowa https://www.demilked.com
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты