Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері экологиялық қылмыстарға және өңірдің табиғи ресурстарын заңсыз пайдалануға қарсы белсенді күрес жүргізеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған рейдтік іс-шаралар шеңберінде құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру жағдайлары тіркелді.
Табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Ринат Парманов атап өткендей, заңсыз қызметтің әрбір фактісі бойынша қажетті материалдар жиналып, әрі қарай тергеу және тиісті іс жүргізу шараларын қабылдау үшін Жетісу экология департаментіне тапсырылды. Рейдтер барысында барлығы 37 құқық бұзушылық анықталды.
Табиғатты қорғау полициясы барлық аза0маттарды табиғатқа қырағы және қамқор болуға шақырады. Экологиялық заңнаманы бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеледі. Полиция қызметкерлері аймақ тұрғындары мен қонақтарына табиғи ресурстарды заңсыз өндіруге немесе басқа да экологиялық қылмыстарға қатысты кез-келген күдікті әрекеттер туралы хабарлауға кеңес береді.
Табиғатты қорғау полициясының рейдтері Жетісудың табиғи ресурстарын қорғаудағы маңызы зор. Полиция қызметкерлері аймақтың табиғи мұрасын болашақ ұрпақ үшін сақтау әр азаматқа байланысты екенін еске салады.