Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент өрттен бірнеше адамды құтқарған астаналық өрт сөндірушілерді марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен бірнеше адамды құтқарған елордалық екі өрт сөндірушіні марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

"Мемлекет басшысы Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде ерлік көрсеткен және бірнеше адамның өмірін құтқарған елордалық өрт сөндірушілерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада. 

Президент жарлығымен қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін келесі өрт сөндірушілер марапатталды. Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин I дәрежелі "Айбын" орденімен; Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Еске сала кетейік, 16 қарашада Астанада 15 қабатты тұрғын үйдің 11-қабатындағы пәтерден өрт шығып, оқиға орнына лезде жеткен өрт сөндірушілер бірнеше адамды құтқарған еді. Кейін қызмет барысында өрт сөндірушілердің екеуі күйік шалып, ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың бірінің жағдайы ауыр. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді