Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада судағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында ауқымды рейд өтті

Астанада судағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында ауқымды рейд өтті
Фото: polisia.kz

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Есіл өзенінің жағалауында тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кең көлемді профилактикалық рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің, қаланың алты ауданы әкімдіктерінің өкілдері, полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен еріктілер қатысты.

Рейд барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар азаматтарға рұқсат етілмеген орындарда суға түсудің қауіптілігі ескертілді.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Әрлен Бүркітбайдың айтуынша, соңғы күндері ауа райының ысуына байланысты өзен-көл жағалауындағы демалушылар саны едәуір артқан.

– Ыстық күндері кейбір тұрғындар мен қала қонақтары қауіпсіздік талаптарын елемей, рұқсат етілмеген орындарда суға түсуде. Осыған байланысты әкімдік, полиция және еріктілермен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды күшейттік. Басты мақсатымыз – айыппұл салу емес, адам өмірін сақтап, қайғылы жағдайлардың алдын алу, – деді ол.

Сондай-ақ ол судағы қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Ғазиз Ерболдың мәліметінше, тыйым салынған жерлерде шомылғандарға, құтқару кеудешесінсіз жүзу құралдарын пайдаланғандарға, мас күйінде суға түскендерге, қараңғы уақытта суға шыққандарға және балаларды қараусыз қалдырған ата-аналарға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды тек арнайы рұқсат етілген жағажайларда ғана шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Өйткені қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірін сақтап қалудың ең тиімді жолы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді