Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана балабақшаларында балаларға робот құрастырып, бағдарламалау үйретіліп жатыр

Астана балабақшаларында балаларға робот құрастырып, бағдарламалау үйретіліп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Білім беру жүйесінде балалардың инженерлік, логикалық және алгоритмдік ойлауын ерте жастан дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы бағытта Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында LEGO-конструкторлар мен робототехника элементтері білім беру үдерісіне енгізіліп, тәрбиеленушілер ойын арқылы бағдарламалау, модельдеу және жобалау дағдыларын меңгеріп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімдігінің №82 «Айару» балабақшасында LEGO конструкторлары, Robot Mouse, Blue-Bot, Botley және UARO Coding Robot сияқты заманауи білім беру құралдары пайдаланылады. Сабақ барысында балалар роботтардың қозғалыс бағытын жоспарлап, алгоритм құрады, оларды бағдарламалап, тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлауын, кеңістікті бағдарлауын, шығармашылық қабілетін және ұсақ моторикасын дамытады. Сонымен қатар, жұппен және топпен жұмыс істеу арқылы қарым-қатынас пен командалық жұмыс дағдыларын қалыптастырады.

Робототехника сабақтары балаларды инженерия мен бағдарламалаудың бастапқы негіздерімен таныстырып, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Балалар өз жобаларын құрастырып, бағдарламаның нәтижесін талдап, қателерді түзету арқылы мәселені шешу және сыни ойлау дағдыларын меңгереді. Бұл STEM-білім беру элементтерін мектепке дейінгі кезеңнен бастап игеруге жол ашады.

№82 «Айару» балабақшасының тәрбиеленушілері алған білімдерін халықаралық деңгейде де дәлелдеп келеді. Осы жылы олар мектепке дейінгі робототехника және бағдарламалау бойынша өткен V халықаралық «Жас ғарышкер» фестиваліне қатысып, «Робот арасы (Blue-Bot)» және «Байқоңыр және ғарыш балалар көзімен» номинацияларында алгоритм құру мен роботтарды бағдарламалау бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді