Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл басынан бері 8 мыңнан астам ауыл мұғалімі біліктілікті арттыру курсынан өтті

Жыл басынан бері 8 мыңнан астам ауыл мұғалімі біліктілікті арттыру курсынан өтті
Фото: pixabay.com

Қазақстанда орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінге дейін 13 мыңға жуық мұғалімді қамтыған 515 курс өткізілді.  Қатысушылардың 62%-ын, яғни 8 мыңнан астамын ауыл мектептерінің мұғалімдері құрайды. Бұл көрсеткіш ауыл мен қала арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Курстар 41 білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылды, оның 24-і пәндік даярлыққа бағытталған. Сонымен қатар инклюзивті және арнайы білім беру, жаһандық құзыреттер, SMART-оқыту және STEM-білім беру бағыттары бойынша 4 мыңға жуық педагог біліктілігін арттырды. Сондай-ақ Астана қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы мақсатты мектептердің педагогтеріне арналған 11 негізгі пән бойынша 557 курс өткізілді. Аталған курстардан барлығы 12 122 мұғалім өтті.  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. 2025 жылдың соңына дейін 70 мыңға жуық педагогті біліктілікті арттыру курстарымен қамту жоспарланған. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру саласында цифрлық дағдыларды дамытуға арналған бағдарламаны іске асыру көзделіп отыр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді