Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада кадрлық резерв арқылы 35 білім беру ұйымының директоры тағайындалды

Астанада кадрлық резерв арқылы 35 білім беру ұйымының директоры тағайындалды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында соңғы екі жыл ішінде 35 білім беру ұйымына жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жобаның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарына жаңа форматтағы басшыларды даярлау, басқару жүйесіне заманауи менеджмент қағидаттарын енгізу және мектептерді білікті мамандармен қамтамасыз ету. Әсіресе, «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында ашылып жатқан жаңа білім ордаларына сапалы басшылық құрамын қалыптастыруға айрықша мән беріліп отыр. Кадрлық резервке қабылданған педагогтар дәстүрлі конкурстық рәсімдерден өтпей, арнайы даярлықтан соң тікелей бірінші басшы лауазымына тағайындалады.

Соңғы екі жылдың ішінде осындай мүмкіндікті 35 педагог иеленіп, елорданың білім беру ұйымдарының директоры қызметіне кірісті. Оның ішінде 15 педагог жаңа келешек мектептеріне директор болып тағайындалды. Бұл бастама елорданың білім беру саласын дамытуға, мектептердің басқару сапасын арттыруға және оқушылар үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға елеулі ықпал етіп келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті