Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда заң талаптарын бұзған шетелдік көлік иелері жауапқа тартылды

Түркістанда заң талаптарын бұзған шетелдік көлік иелері жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жергілікті блогерлермен бірлесіп, шетелдік тіркеудегі көліктерді заң талаптарының сақталуына тексеру мақсатында рейдтік іс-шара өткізді, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген тәртіппен тіркелмеген Toyota Alphard, Hyundai Santa Fe, Hyundai Sonata, Toyota Camry және BMW маркалы 5 автокөлікті анықтады. Аталған көлік жүргізушілері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полицейлер көлік иелеріне шетелдік тіркеудегі автокөліктерді пайдалану тәртібіне қатысты заңнама талаптарын түсіндіріп, көлік құралдарын уақытылы тіркеудің маңыздылығын жеткізді. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастырып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда мұқият болуға шақырды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді