Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда жасырын патрульдеу барысында полиция бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтады

Оралда жасырын патрульдеу барысында полиция бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтады
Фото: polisia.kz

Орал қаласында жасырын патрульдеу барысында полиция бірқатар жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда, Батыс Қазақстан облысының аумағында қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында 2024 жылғы 2-6 қыркүйек аралығында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Рейдтік іс-шара барысында Н.Назарбаев даңғылы бойындағы орталық көшеде бір сағат ішінде көлік құралдары жүргізушілерінің бірқатар құқық бұзушылықтары тіркелді.

Мәселен, Lada автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі бойынша, Toyota Hilux және Lexus маркілі автокөлігінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол берді. Сондай-ақ Lexus, Haval, Hyundai, Kia автомашиналарының жүргізушілері қауіпсіздік белдігін тақпаған, яғни ҚР ӘҚБтК 593-бабы 2-ші бөлігі бойынша осы баптың талаптарын бұзды.

Сонымен қатар, Kia, Hyundai транзиттік яғни шетелдік есептегі автокөлік жүргізушілерінің құжаттарын тексеру кезінде ҚР ӘҚБтК 230-бабының талаптарын бұзып, яғни сақтандыру полисінсіз көлікті басқарған. Автокөліктер арнайы автотұраққа қамалды.

Сондай-ақ Toyota Camry автокөлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, ҚР ӘҚБтК 599-бабының 1-бөлігінің талаптарын бұзды.

Полиция департаменті қозғалыстың барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, өйткені жолдағы қателік түзетілмейтін салдарға әкелуі мүмкін.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады