Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі қосымша отын бактарымен заңсыз жабдықталған көлік құралдарын пайдалану арқылы жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкету фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің маңында 59 полиция бекетінің жұмысы ұйымдастырылды. Онда полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік шекараны кесіп өтетін көлік құралдарын тексеруден өткізуде. Жыл басынан бері қосымша отын бактары заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын пайдалану бойынша 255 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Құқық бұзушылардың барлығы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 7-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жауапкершілікке тартылғандардың ішінде 195 шетел азаматы және Қазақстан Республикасының 60 азаматы бар. Заңсыз орнатылған қосымша отын бактары бөлшектелгеннен кейін көлік құралдары иелеріне қайтарылды. Ішкі істер министрлігі азаматтар мен жүк тасымалдаушыларды заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады және жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетуге бағытталған кез келген әрекеттер дер кезінде анықталып, жолы кесілетінін еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Erwin
  • 10-07-2026, 14:38
  • : 14:38
References: Legiano Casino Video Review board-hu.darkorbit.com
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді