Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жылдамдық режимін 17 рет бұзған қызылордалық жүргізуші жауапқа тартылды

Жылдамдық режимін 17 рет бұзған қызылордалық жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Қызылордада жылдамдық режимін 17 рет бұзған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қаласында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда қала аумағында "Қорғау" жол қозғалысын бақылау жүйесі тиімді жұмыс істеуде. Бұл жүйенің көмегімен полиция қызметкерлері қылмыс жасаған, іздеуде жүрген азаматтарды, сақтандыру полисі жоқ көлік құралдарын, айыппұл төлеуден жалтарған жүргізушілерді және шетелдік автокөліктерді анықтайды. Сондай-ақ "Қорғау" жүйесі полиция қызметкерлерінің көліктерді іздестіру жұмысын жеңілдетіп, құқық бұзушыларды жедел ұстауға мүмкіндік береді. 19 ақпанда осы жүйенің көмегімен қала аумағында орнатылған стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылар арқылы ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабының 1 және 2-бөліктері бойынша жылдамдық режимін 17 мәрте бұзған көлік жүргізушісі анықталды. Сонымен қатар ол әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүргені белгілі болды.

Жүргізушіні тексеру барысында оның көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарғаны анықталды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айып тұрағына қойылды. Қызылорда облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, барлық құжаттарын уақтылы рәсімдеуге және айыппұлдарды дер кезінде төлеуге шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді