Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте кортежге қатысқан 9 жүргізуші жазаланды

Шымкентте кортежге қатысқан 9 жүргізуші жазаланды
Фото: polisia.kz

Шымкентте кортежге қатысқан 9 жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы ПД жедел басқару орталығының полицейлері бейнебақылау камераларының көмегімен Арғынбеков көшесі бойында жол ережесін өрескел бұзған көлік кортежін анықтады. Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізушілерді тоқтату үшін көшені екі жағынан жауып тастады. Нәтижесінде жеңіл көліктің 9 жүргізушісіне қатысты полицейлер 11 әкімшілік хаттама толтырды.

BMW және Toyota Camry жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Шетелдік Merсedes Benz S550 және Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабын бұзды.

Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабын бұзған.

Авариялық жағдай туғызғаны және жолдарды, жол құрылыстарын бүлдіргені үшін кортеждің тағы екі жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

Бірден ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 597-бабы, 602-бабы бойынша Lada-21900 жүргізушісіне хаттама толтырылды. Ол бір уақытта көлік құралдарын пайдалану ережелерін, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзып, сыртқы жарық аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану ережелерін бұзды. Тәртіп сақшылары құқық бұзушының көлігін айыппұл тұрағына қойды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты