Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстарына 500-ден астам маман жұмылдырылған

Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстарына 500-ден астам маман жұмылдырылған
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы-1 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта жобаны іске асыруға 500-ден астам маман тартылған, олар тәулік бойы екі ауысым режимінде жұмыс істейді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде нысанның дайындық көрсеткіші 40%-ды құрайды. Атап айтқанда, шатырдан жаңбыр суын ағызу кәрізі орнатылып, сыртқы демонтаж, сыртқы витраждар мен инженерлік желілердегі жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, аралдық перрон платформасының құрылысы және электрмен жабдықтаудың уақытша желілерін орнату жұмыстары аяқталды.

Нысанда шатырды орнату, металл қаңқаны күшейту, инженерлік желілерді, жылыту, желдету және автоматты өрт сөндіру жүйелерін монтаждау, сондай-ақ ішкі қабырғалар мен қалқаларды тұрғызу шаралары жалғасуда.

Бұдан бөлек, вокзалды заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сыртқы және ішкі витраж жүйелерін жеткізу және монтаждау іске асырылып жатыр. Сондай-ақ, лифт және эскалатор жабдықтарымен, жылыту, желдету және ауаны баптау жүйелеріне арналған инженерлік жабдықтармен жарақтандыру жұмыстары қамтылуда.

Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялау жобасын іске асыру нысанның эстетикалық және функционалдық сипаттарын жақсартып қана қоймай, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен жайлылық деңгейін арттырып, көлік инфрақұрылымына қойылатын заманауи талаптарға толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді