Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды

Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда қолданыстағы «Бауыржан Момышұлы» метро бекеті мен жаңа «Қалқаман» бекеті арасындағы ұзындығы 1593 метр болатын оң бағыттағы тоннельді қазу жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол тұтас табанды технология бойынша төселіп жатыр. Сол жақ бағыттағы тоннель толық дайын: онда рельстер мен байланыс рельсі орнатылып, барлық инженерлік желілер монтаждалған.Сонымен қатар «Қалқаман» бекеті ғимаратының құрылысы аяқталып, бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Пойыз қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесін қоса алғанда, әлемдік жетекші өндірушілердің жабдықтары жеткізілген. Жақын арада оларды орнату және баптау кезеңі басталады.Бас мердігер ұйымның өкілі Мұрат Үкшебаевтың айтуынша, қала басшылығы қойған міндетке сәйкес нысан құрылысы тәулік бойы жүргізілуде. Нормативтік мерзім 24 ай болғанына қарамастан, бекеттің негізгі құрылысы шамамен 11 ай ішінде жүзеге асырылды.Құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді