Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астана-1 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астана-1 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астана-1 теміржол вокзалының құрылыс алаңына барып, нысанды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Бүгінде нысанның дайындық көрсеткіші 41%-ды құрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары барысында мердігер ұйымның, жобалаушының және техникалық қадағалау өкілдерінің құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі барысы, құрылыс кестесінің сақталуы және жобаны белгіленген мерзімде аяқтау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есептері тыңдалды.

Нысанның жалпы ауданы 8 409 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта ғимарат қаңқасы мен шатырын орнату жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары, инженерлік желілерді, электрмен жабдықтау, жылыту, желдету, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін монтаждау жалғасуда. Бұдан бөлек, перрон мен конкорстық өткелдің құрылысы, вокзал аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Нысанды аралау қорытындысы бойынша вице-министр мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын қажетті қарқынмен жүргізуді, жұмыс сапасына бақылауды күшейтуді және реконструкциялау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Еске сала кетейік, Астана-1 теміржол вокзалын реконструкциялау Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жаңартылған вокзал жолаушылардың барлық санаттары үшін жайлылық, қауіпсіздік және қолжетімділікке қойылатын заманауи талаптарға толық сәйкес болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Charla
  • 09-07-2026, 20:26
  • : 20:26
References: Legiano Casino Mobile http://33.pexeburay.com/
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді