Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Қарасора – 2026" ЖПІШ: БҚО-да заңсыз айналымнан 1 келіден астам мефедрон тәркіленді

Фото: polisia.kz

1 маусымнан бастап Батыс Қазақстан облысының аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Қарасора – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара басталғалы бері БҚО ПД полиция қызметкерлері есірткіге қатысты 11 құқық бұзушылық анықтады, оның ішінде 6 қылмыс және 5 қылмыстық теріс қылық тіркелді. Заңсыз айналымнан 1 келіден астам мефедрон тәркіленді, бұл 3 мыңнан астам бір реттік дозаға тең. Атап айтқанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Орал қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында жергілікті тұрғынды ұстады. Оны тінту барысында шамамен 500 грамм синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. Кейін облыс орталығының тағы бір тұрғыны ұсталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында одан шамамен 600 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді. Алдын ала мәліметтер бойынша ұсталғандар есірткі таратумен айналысқан интернет-дүкендердің бірі арқылы заңсыз қызмет жүргізген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, құқық бұзушылықтардың барлық мән-жайы анықталады. Сонымен қатар 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өтіп жатқан есірткіге қарсы айлық аясында 32 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Олардың қатарында дәрістер, халықпен кездесулер, рейдтік іс-шаралар және есірткіні қолдану мен таратудың зияны туралы теріс көзқарас қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру акциялары бар.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды