Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері “Қарасора – 2024” іс-шарасын қорытындылады

Көлік полицейлері “Қарасора – 2024” іс-шарасын қорытындылады
Фото: Polisia.kz

Көлік полицейлері “Қарасора – 2024” кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 маусым мен 31 қазан аралығында республика бойынша “Қарасора – 2024” кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Операция кезінде көлік полицейлерінің алдында теміржол және әуе көлігін пайдалана отырып жасайтын есірткі құқық бұзушылықтарының жолын кесу міндеті тұрды.

Сәтті жүргізген іс-шараның нәтижесінде көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты 183 фактіні анықтады, оның ішінде 38 ауыр және аса ауыр есірткі қылмысы, оның 24-і өткізу, алтауы сақтау, төрт контрабанда фактісі және 145 қылмыстық теріс қылық болды. Заңсыз айналымнан 174 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы көліктегі ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Фараби Елубаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз станциясының локомотив депосының машинисін ұстады. Ол жұмыс орнында өзімен бірге 4 пакетке бөліп-оралған есірткі заттарын сақтаған.

– Тінту кезінде 226 грамм гашиш және 77 грамм марихуана тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, – деді Елубаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді