Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Он күн ішінде заңсыз айналымнан 80 келі "синтетика" тәркіленді

ІІМ: Он күн ішінде заңсыз айналымнан 80 келі
Фото: pixabay.com

"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарын анықтау мен жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың, соның ішінде жастардың, есірткі айналымына тартылуының алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы 10 күн ішінде полиция қызметкерлері есірткі қылмысына қатысы бар 27 адамды ұстады. Есірткі жасырушылардан бастап, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға дейін сызбалаар анықталып, жолы кесілді. Петропавл қаласында 20 жастағы жігіттен 290 грамм "синтетика" тәркіленді. Шымкент қаласында бұрын сотталған 27 жастағы ер адамнан жарты келіден астам мефедрон, электронды таразы мен буып-түюге арналған қаптамалар алынды. Ақмола облысында Астана – Астраханка тасжолының бойында жасырын қойма табылып, 12,5 келі мефедрон тәркіленді.

Қарағанды қаласында 25 жастағы ер адамнан 400 грамм Альфа-PVP есірткі заты алынды. Осы облыс аумағында жасырын есірткі зертханасы анықталып, одан 52 келі дайын Альфа-PVP және 2 тонна прекурсор тәркіленді. Барлық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде 10 күн ішінде заңсыз айналымнан 80 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Бұл 240 мыңнан астам бір реттік доза. Оның айналымға жіберілмеуінің арқасында мыңдаған тағдыр құтқарылды. Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті еліміздің аумағында есірткіге қарсы күресті жалғастырып, басқа мемлекеттік органдармен және қоғаммен өзара іс-қимылды нығайтады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті