Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында полиция есірткі қылмысының жолын кесті

Түркістан облысында полиция есірткі қылмысының жолын кесті
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында полиция екі апта ішінде 11 есірткі қылмысының жолын кесті, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының аумағында "Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында полиция департаментінің қызметкерлері 21 мыңнан астам ауланы, шаруашылық құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандар мен егістік алқаптарын тексерді. Нәтижесінде полицейлер екі апта ішінде есірткіге байланысты 11 қылмыстың жолын кесті. Заңсыз айналымнан 705 келіден астам марихуана, 260 келіден астам көкнар және аңшы мылтығы тәркіленді. Сондай-ақ есірткі қылмысын жасаған күдіктілер ұсталды.  Бүгінгі таңда аталған 11 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Мәселен жедел уәкілдер "Қарасора" іс-шарасы барысында Созақ ауданында құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің ірі плантациясын тапты. Күдікті ретінде Қызылорда облысының екі тұрғыны және Шымкент қаласының бір тұрғыны ұсталды. Олардан 900-ден астам қарасора және 260-қа жуық көкнәр түптері, тіркелмеген мылтық тәркіленді. Қазіргі таңда осы факт бойынша тергеу жүргізілуде.  Полицейлер есірткінің заңсыз айналымына және құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіруге байланысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған мұндай шаралар әрі қарай жалғасатынын атап өтті. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті