Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полицейлер “Қарасора” операциясы басталғалы бері 13 тоннаға жуық есірткі тәркіледі

Полицейлер “Қарасора” операциясы басталғалы бері 13 тоннаға жуық есірткі тәркіледі
Фото: polisia.kz

“Қарасора” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсуі кезінде өткізіледі. Бес ай, яғни маусым мен қазан аралығында полицейлер қызмет көрсетудің күшейтілген нұсқасына өтіп, жабайы қарасораны отырғызу және жинау орындарын, плантацияларды анықтап, каннабис тобының заңсыз қорларын дайындаушыларға тосқауыл қояды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері операция басталғалы бері ел аумағында есірткіге қатысты 523 құқық бұзушылықтың алдын алды. Заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі тәркіленді. Синтетика өндіретін есірткі зертханасы жойылды.

Мәселен, Алматы облысының аумағында қарасора өсіру фактісі анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 12 тоннадан асты.

Ақтөбе облысында зертханалық жағдайда жасырын есірткі өндірісін ұйымдастырған жергілікті тұрғыннан 3 келіден астам мефедрон тәркіленді.

Қызылорда облысында авиациялық тексеру арқылы есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды. Екі есірткі сатушысы анықталып, олардан жарты тоннадан астам марихуана тәркіленді.

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданынан 130 шақырым жерде 56 келі марихуана дайындаған азамат ұсталды.

Астана тұрғынының пәтерін тінту кезінде 1,5 келіден астам мефедрон табылды.

Теміртауда 22 жастағы есірткі таратушы ұсталып, одан 350 грамм доза болатын 300 орам мефедрон тәркіленді.<!--more-->

Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жоғарыда көрсетілген қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді