Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандылықтарды қомақты ақшаға алдаған күдікті анықталды

Қарағандылықтарды қомақты ақшаға алдаған күдікті анықталды
Фото: pixabay.com

Қарағандылықтарды қомақты ақшаға алдаған күдікті анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік алуға деген үмітін арқалаған қарағандылық тұрғын алаяқтардың арбауына түсіп, Теміржол полиция бөліміне арызданды. 2022 жылдың күзіне қарай 29 жастағы азамат белгілі бір маркалы көлікті иеленгісі келген, алайда қажетті қаражаты жетпеген. Осы сәтте оның танысы сенімді делінген көлік сатушысын ұсынып, екі тарап шарттарын келіскен соң, жәбірленуші 2,6 млн теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған. Алайда уәде етілген көлікке ол 2,5 жыл бойы қол жеткізе алмаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары алаяқтық әрекеттерге қатысы бар 55 жастағы Алматы тұрғынын анықтады.

Тергеу нәтижесінде күдіктінің тек Қарағандыда ғана емес, Приозерск қаласында да ұқсас алаяқтық әрекеттерге барғаны белгілі болды. Ол үш бірдей жергілікті тұрғынды алдап, жалпы сомасы 14,6 млн теңге көлемінде қаражаттарын иемденген. Қылмыскер азаматтардың сеніміне кіріп, түрлі уәделермен оларды алдаған. Теміржол полиция бөлімі жүргізген тергеу нәтижесінде күдіктінің қатысуымен тағы бір – 2,46 млн теңге көлеміндегі алаяқтық дерегі тіркеліп, қылмыстық іске қосылды. Осылайша келтірілген жалпы материалдық шығын 19 млн теңгеден асты. Тергеу барысында күдіктінің кінәсін дәлелдейтін айғақтар толық жиналып, іс сотқа жолданды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған. Полиция азаматтарды алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін барынша қырағылық пен сақтық танытуға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті