Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада автокөлікті заңдастырып беремін деп уәде еткен алаяқ ұсталды

Астанада автокөлікті заңдастырып беремін деп уәде еткен алаяқ ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада автокөлікті заңдастырып беремін деп уәде еткен алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада полицейлер шетелдік тіркеудегі автокөлікті Қазақстанда заңдастырып беремін деп сенімге кіріп, ірі көлемде ақша алған күдіктіні ұстады. Тергеу мәліметтері бойынша, жәбірленуші күдіктімен ортақ танысы арқылы байланыс орнатқан. Күдікті өзін көлік рәсімдеу ісінде тәжірибелі маман ретінде таныстырып, автокөлікті ресейлік есептен шығарып, қазақстандық нөмірге рәсімдеп беремін деп уәде берген. Келісімге сәйкес жәбірленуші бастапқы жарты соманы қолма-қол беріп, қалғанын банктің мобильді қосымшасы арқылы аударған. Алайда күдікті ақшаны алған соң, уәдесін орындамай, қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 850 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Байқоңыр аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер қосымша жәбірленушілердің бар-жоғын анықтауға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда. Полиция азаматтарға сақ болуды, көлікті тіркеу немесе заңдастыру бойынша тек ресми органдарға жүгінуді және бейтаныс тұлғаларға сенбеуді ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті