Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Пайызы аз несие алып беремін": Астанада ірі көлемдегі алаяқтық дерегі анықталды

Фото: polisia.kz

Астанада ірі көлемдегі алаяқтық дерегі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алып беруге көмектесемін деген желеумен жасалған алаяқтық дерегі әшкереленді. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің азаматтардың сеніміне кіріп, банк арқылы жеңілдетілген несие рәсімдеп беремін деп уәде беріп, түрлі сылтаулармен ақшалай қаражат алғаны анықталды. Атап айтқанда, ол құжаттарды дайындау, банк қызметкерлеріне көмек көрсету, кепілдік рәсімдеу және өзге де қызметтерді сылтау етіп, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша жинаған. Аталған қылмыстық әрекеттердің салдарынан келтірілген материалдық шығын 7 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша 50-ге жуық алаяқтық эпизод тіркеліп, олардың барлығы бір азаматтың әрекетімен байланысты екені анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр. Тергеу аясында жәбірленушілердің саны артуы да мүмкін. Полиция азаматтарға мемлекеттік және қаржылық бағдарламаларға қатысу кезінде барынша сақ болуды, несие рәсімдеу мәселелері бойынша тек ресми банктер мен уәкілетті ұйымдарға жүгінуді ескертеді. Бейтаныс тұлғаларға немесе делдалдарға ақша беру алаяқтыққа әкеп соғуы мүмкін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті