Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада электросамокат қолданушыларға бақылау күшейді

Астанада электросамокат қолданушыларға бақылау күшейді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Жаз маусымының басталуымен елорда көшелерінде электросамокат пайдаланушылар саны айтарлықтай артты. Алайда көптеген азаматтар жол қозғалысы ережелерінің талаптарын елемей, өздеріне және айналасындағыларға қауіп төндіріп отыр. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары электросамокат пайдаланушылар тарапынан жасалған жол ережесін бұзудың 1200-ден астам дерегін анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді.

Мәселен, бір жағдайда екі кәмелетке толмаған жасөспірім көлік көп жолда бір электросамокатпен жүріп, жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзған. Осы дерек бойынша 16 жасқа толған жасөспірімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері оларды тәрбиелеу және күтіп-бағу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция еске салады: бір самокатқа екі адам мінгесуге, қозғалыс кезінде телефон мен құлаққап қолдануға, жылдамдықты асыруға және қауіпті маневрлер жасауға тыйым салынады. Жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өткен кезде самокаттан түсіп, оны жаяу алып өтуі тиіс.

Электросамокатпен жүруге веложолақтар мен велосипед жолақтарында рұқсат етіледі, ал олар болмаған жағдайда – жолдың оң жақ шетімен жүруге болады. Бұл ретте жүргізуші 18 жастан асқан болуы, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы, қорғаныш мотошлем киюі және қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді қолдануы тиіс. Сонымен қатар электросамокат операторларына тіркеу нөмірлерін беру және есепке алу міндеті жүктелген.

Жалға берілетін самокаттарды пайдаланушылар оларды жиі рұқсат етілмеген орындарға қалдырып кетеді. Тротуарларда, аялдамаларда және жаяу жүргіншілер өткелдерінде тасталған мұндай көлік құралдары азаматтарға кедергі келтіреді. Мұндай самокаттар эвакуацияланып, коммуналдық айып тұрағына жеткізіледі.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жауапкершілігіне байланысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды