Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысы аумағында "Көктемгі демалыс" ЖПІШ аясында 296 әкімшілік хаттама рәсімделді

Қызылорда облысы аумағында
Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысы аумағында "Көктемгі демалыс" ЖПІШ аясында 296 әкімшілік хаттама рәсімделді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

27-29 наурыз аралығында Қызылорда облысы аумағында "Көктемгі демалыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында қалалық полиция басқармасы мен барлық аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері, жастар ресурстық орталығының өкілдері және педагогикалық ұжымдар балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында рейдтер ұйымдастырды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және үй-жайдан тыс жүргендерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілді. Іс-шара қорытындысы бойынша барлығы 296 әкімшілік хаттама рәсімделді. Оның ішінде 11 кәмелетке толмаған жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды. 

Сонымен қатар 5 жасөспірім қадағалаусыз және панасыз күйде, ал 1 жасөспірім заңсыз тиым салынған заттарды алып жүргені үшін жеткізілді. Әкімшілік кодексінің 127-бабы бойынша, ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 23 ата-анаға хаттама толтырылды. Ал кодекстің 127-2-бабы (Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу, буллинг, кибербуллинг) бойынша 3 құқық бұзушылық анықталды. Кодекстің 132-бабы (Ойын-сауық мекемесіне заңды өкілісіз кіргізу) бойынша 10 дерек тіркелді (Қала-8, Шиелі-1, Жаңақорған-1).

Құқық бұзушылықтардың тағы бір түрі — жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекі мен темекі бұйымдарын сату. Осы бап бойынша 2 әкімшілік хаттама рәсімделді. Сонымен қатар ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 16 құқық бұзушылық анықталды, ал кәмелетке толмағандардың бұзақылық жасауына қатысты 3 дерек тіркеліп, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды. Түнгі тыныштықты бұзу бойынша 4 жасөспірім анықталып, оларға әкімшілік хаттама рәсімделді. Ал сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерсіз болуы немесе түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жүргені үшін 235 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды. Ішкі істер органдарының есебіне барлығы 11 жасөспірім, ал кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі міндеттерін орындамайтын ата-аналар мен заңды өкілдердің профилактикалық есебіне 13 ата-ана алынды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты