Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда әкесі көлік тізгінін кәмелетке толмаған ұлына берген

Түркістанда әкесі көлік тізгінін кәмелетке толмаған ұлына берген
Фото: бейнескриншот polisia.kz

Түркістан облысының аумағында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің автокөлік басқарғанын анықтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде Toyota автокөлігінің тізгінінде кәмелетке толмаған жасөспірім болғаны белгілі болды. Анықталғандай, оның әкесі ұлының жүргізуші куәлігі жоқ екенін біле тұра, автокөлікті басқаруға рұқсат беріп, дүкенге жіберген. Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімге және оның заңды өкілдеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.

Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тұрақты негізде жүргізілетінін еске салады. Тәртіп сақшылары азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға көлік басқаруға жол бермеуге шақырады. Себебі мұндай құқық бұзушылықтар жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіріп, ауыр әрі орны толмас салдарға әкелуі мүмкін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті