Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында ЖҚЕ бұзған электрлі самокат жүргізушілері жауапқа тартылды

Қарағанды облысында ЖҚЕ бұзған электрлі самокат жүргізушілері жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында ЖҚЕ бұзған электрлі самокат жүргізушілері жауапқа тартылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында кикшеринг нарығы қарқынды дамуда. Бүгінде үш компания тұрғындар мен қонақтардың игілігіне 600-ден астам электросамокат ұсынып отыр. Алайда жаңа көлік түрінің кеңінен қолданысқа енуі жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты бірқатар мәселелерді де алға шығарды. Электросамокаттарды орналастыруға арналған арнайы тұрақтардың жеткіліксіздігі – басты проблемалардың бірі. Қазіргі таңда 16 тұраққа деген қажеттілік бар. Бұл – қалалық ортаны жаңа көлік жағдайларына бейімдеу мен тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастырудың өзектілігін көрсетеді. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, есепті кезеңде электросамокат жүргізушілеріне қатысты 385 құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде: 170 жағдай – жол қозғалысына қойылатын талаптарды сақтамау; 215 жағдай – басқа қатысушылардың тарапынан орын алған ереже бұзушылықтар.

Электросамокаттардың қатысуымен 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан екі адам зардап шекті. Мысалы, озып кету кезінде екі самокат жүргізушісінің соқтығысуы нәтижесінде біреуі ауруханаға жатқызылды. Алдын алу шарасы ретінде 13 электросамокат айып тұрағына қойылды. Кикшеринг компаниялары қауіпсіздікті арттыру мақсатында бірқатар шаралар енгізуде. Атап айтқанда: cамокаттардың қозғалысына жылдамдық шектеулері енгізілді; кәмелетке толмағандарды қосымшада тіркеу тек ата-анасының рұқсатымен жүзеге асырылады; Жасөспірімдердің жасаған бұзушылықтары үшін ата-аналар жауап тартылады. Мәселен, Қарағанды облысында 3 ата-ана жауапқа тартылды. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты мақсат. Бұл үшін электросамокат жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және жеке қорғаныс құралдарын қолдану қажеттігі ескертіледі.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті