Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сарайшық ауданында абаттандырылған аула салтанатты түрде ашылды

Сарайшық ауданында абаттандырылған аула салтанатты түрде ашылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының Сарайшық ауданында Мемлекеттік рәміздер күніне орай К.Әзербаев көшесі, 6 мекенжайында абаттандырылған ауланың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған көпқабатты тұрғын үй «Халық қатысатын бюджет» жобасы қатысушыларының бірі атанып, жоба аясында аулада кешенді абаттандыру жұмысы жүргізілген болатын.

«Биыл Сарайшық ауданы бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында барлығы 49 жоба ұсынылды. Оның ішінен сараптамалық кеңес ережеге сәйкестігін тексеріп, 33 жобаны дауыс беру кезеңіне өткізді. Дауыс беру қорытындысы бойынша жобаны іске асыруды бастап кеттік. Биыл 13 ауланы абаттандыруды қолға алдық. Міне, көп дауыс жинаған, тізімде ең бірінші тұрған жоба – К. Әзербаев көшесі, 6 мекенжайындағы абаттандыру жұмысы аяқталды. Әуелде мұнда жасанды көгал мүлдем болмаған. Заманауи жабын төселіп, жалпы аумағы шамамен 1 200 шаршы метрді құрайтын жасанды көгал төселді және жаттығу алаңына көлемі шамамен 70 шаршы метр тартатын жабын салынды. Жобаны іске асыру барысында балалар ойын алаңының элементтері жаңартылып, шағын сәулеттік нысандар ауыстырылды, жаңа көше тренажёрлары орнатылды. Сонымен қатар, футбол алаңында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді», – деді Астана қаласы Сарайшық ауданы әкімі аппараты Абаттандыру бөлімінің бас маманы Еламан Нөкербеков.

Бұдан бөлек, ауланың сыртқы жарықтандыру тіректері жаңартылып, жаңа көшеттері отырғызылған. Ал тұрғын үй терезелеріне ілінген Мемлекеттік ту мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің оркестрі орындаған патриоттық әуендер бүгінгі айтулы күннің айбынын асқақтатып тұрды.

Айта кетейік, ауланы абаттандыру жұмыстары барлық жастағы тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз әрі заманауи орта қалыптастыруға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды