Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астананың Сарыарқа ауданында 16 аула күрделі жөндеуден кейін ашылды

Астананың Сарыарқа ауданында 16 аула күрделі жөндеуден кейін ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордадағы Сарыарқа ауданында жаңартылған және абаттандырылған 16 аула салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аулалар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылды. Әр аулаға қауіпсіз резеңке төсеніш төселіп, заманауи ойын және спорт элементтері, футбол алаңдары орнатылып, көше жарығы жақсартылды.«Біз бүкіл отбасымызбен, бүкіл көшемізбен дауыс бердік. Біздің ауламыз жөндеу көрмегеніне 20 жылдан асқан еді. Енді мұнда әдемі, заманауи әрі қауіпсіз жағдай жасалды», – деді тұрғындардың бірі Ирина Чипурина.Аулалар Ы.Дүкенұлы, Ш.Айманов көшелері, Республика даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесі шеңберінде, сондай-ақ Павлов көшесі, 29, Ы.Дүкенұлы көшесі, 37/1, Республика даңғылы, 39 және басқа мекенжайларда ашылды.Ашылу күні балаларға арналған ертегі кейіпкерлері қатысқан ойын бағдарламалар, конкурстар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды.

«Біз аулалар мен қалалық аумақтарды абаттандыру жұмысын жалғастырамыз. Ең басты құндылық – тұрғындардың белсенділігі мен бастамасы», — деді Сарыарқа ауданының әкімі Жанасыл Шаукентаев.

Аудан бойынша Ә.Мәмбетов, Гете, Ғұмар Қараш көшелері мен Республика даңғылын абаттандыру жоспарланған. Жаңа көше жабдықтары, жарық бағаналары орнатылып, қоғамдық кеңістіктер дамытылады. Жалпы, биыл қала бойынша 180-нен астам аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады