6 шілде – Астана күні қарсаңында қалада 30-дан астам аула мен қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды. Ауқымды абаттандыру жұмысы қаланың барлық алты ауданында жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Алматы ауданында мерекелік іс-шаралар аясында 22 аула мен 2 қоғамдық кеңістік ашылды. Қала күніне орай жаңа аулалар мен қоғамдық кеңістіктер мына мекенжайларда ашылды: Жұмабаев даңғылы 1, 16/1, 16/2, Романтиков көшесі 27, Күйші Дина көшесі 23, Рысқұлбеков көшесі 8/1 және 7/1, Құдайбердіұлы, 24, Мүсірепов көшесі, 5.Бүгін аудан әкімі қатысқан салтанатты шарада «3 гектар» тұрғын үй кешені мен «Ақмешіт» мешітінің арасындағы бұрын бос жатқан аумақта жаңа қоғамдық кеңістік ашылды. Мұнда жарық бағаналары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Ерекше көңіл көгалдандыруға бөлінді – ағаштар мен көпжылдық бұталар отырғызылып, экологиялық орта жасалды.
Байқоңыр ауданында да Астана күніне орай Кенесары көшесі, 42 және 44 мекенжайында екі аула абаттандырылды. Бұдан бөлек, мына мекенжайларда да жұмыс аяқталды: Торайғыров көшесі, 3, 3/1, 1; Жұбанов көшесі, 3/2, 6; Шонанұлы көшесі, 39, 41; Сембинов көшесі, 21; Бейсекбаев көшесі, 14; Республика даңғылы, 30; Абай даңғылы, 28, 30; Ғабдуллин көшесі, 1; Уәлиханов көшесі, 1, 3; Рахимов көшесі 22, 91; Сейфуллин көшесі, 41.Астана күні қарсаңында Ахмет Жұбанов көшесінде бұрын бос жатқан жерде жаңа сквер ашылды – қазіргі заманғы демалыс аумағының көлемі 7 мың шаршы метрден асады. Сонымен қатар аудан аумағында Абай даңғылы бойында 10 700 шаршы метр аумақта коммуналдық қызметкерлерге арналған «Коммуналшылар» сквері ашылды.
2025 жылы Байқоңыр ауданында 88 аула аумағы абаттандырылады. Оның 18-і кешенді түрде, ал 70-іне жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі. Бұл ретте 18 ауланың 12-сі «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылады.Есіл ауданында да осы бағдарлама аясында алты бастама жеңімпаз атанды. Әл-Фараби даңғылы, 29 мекенжайындағы «Comfort Town» ТК, Мәңгілік Ел даңғылы, 22 және «Астана Жұлдыз» тұрғын үй кешендерінде аулалар ашылды. Мұнда балалар алаңдары біріктіріліп, тартан жабыны төселіп, кіші архитектуралық формалар орнатылды және футбол алаңы жабдықталды.Бұған қоса, 2025 жылға арналған жоспарға сәйкес көше-жол желісі бойындағы 8 қоғамдық кеңістікті абаттандыру көзделген. Қазіргі таңда мына мекенжайларда жұмыс аяқталды: Достық көшесі (Мәңгілік Ел даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін); Қазақ радиосы көшесі (Д.Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін); Керей-Жәнібек хандар көшесі (Ә.Бөкейхан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейін); Түркістан көшесі (Ұлы Дала даңғылынан Quantum Tech School мектебіне дейін); Гейдар Әлиев көшесі – мұнда 9 200-ден астам әртүрлі ағаш (қарағай, қайың, жөке, бөріқарақат) отырғызылды; Қабанбай батыр даңғылы – 876 қарағаш пен қарағай егілді.Қазіргі кезде мына учаскелерде жұмыс жүріп жатыр: Сауран көшесі (Достық көшесінен Алматы көшесіне дейін); Керей-Жәнібек хандар көшесі (Ә.Бөкейхан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін).Сарайшык ауданында Астана күніне орай төрт жаңартылған аула мен бір қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді. Жұмыс аясында ойын және спорт алаңдары орнатылып, жасыл желек егіліп, балалар мен ересектерге жайлы демалыс орындары жасалды.
Абаттандырылған аулалар мен қоғамдық кеңістіктер мына мекенжайларда орналасқан: • А.Байтұрсынұлы көшесі, 49/1, «Отан» ТК; Ш.Калдаяқов көшесі 11 және 13, «Гранд Астана» ТК; • Р.Қошқарбаев көшесі 40, «Тұрсын Астана» ТК; • «HighVill Astana» (Р.Қошқарбаев-Тәуелсіздік-А.Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысындағы үшбұрышты аумақ).Сарыарқа ауданында Алтынемел және Гёте көшелерінің қиылысында бұрынғы ескі ғимарат орнына жаңа қоғамдық кеңістік ашылды. Сонымен қатар, алты аула абаттандырылды: Н.Тілендиев даңғылы, 15/1, М.Әуезов көшесі, 26, Республика даңғылы, 37, Абай даңғылы, 11 және 18, Т.Бигелдинов көшесі, 7. Барлық нысан «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында, аудан тұрғындарының белсенді қатысуымен жүзеге асырылды.