Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда «Өнер барысы - 2021» байқауы өтті

27 тамыз күні «Жастар» стадионында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай “Өнер барысы – 2021” мәдениет қызметкерлері арасындағы қазақ күресінен қалалық ашық турнир өткізілді. Аталмыш турнирде қалалық және аудандық мәдениет үйлерінің мекемелері қызметкерлерінен құралған 10 команда бақ сынасты, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Батыс Қазақстан облысының қазақ күресі Ассосациясының және Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі және  қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Мәдени-ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен турнир алты салмақ дәрежесі бойынша оздырылды. Өнер балуандары намысты қолдан бермеу үшін жан аямай белдескен тартысты додада Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандары командалары, Орал қаласы командасы және БҚО мәдениет басқармасы командалары өнер көрсетті. Шараның басты мақсаты - ұлттық спорт түрлерін дамыту, мәдениет және өнер қызметкерлерінің қазақ күресіне деген қызығушылығы мен құрметін арттыру болып табылады.


Аталмыш дүбірлі додада 55 балуан өнер көрсетті. Өнерді өмірімен байланыстырған жігіттердің балуандық жолындағы бәсекесі өте тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Орал қаласы командасы жүлделі І орынды иеленсе,  Жаңақала ауданы ІІ орынды, Казталов ауданы ІІІ орынды қанжығалады. Айтулы додада “Үздік техника” номинациясымен Д.Кайрлиев марапатталса, “Жеңіске деген жігері үшін” номинациясын Н.Байниязов еншіледі.


Жарыс соңында жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталып, барша қатысқан командалар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.


Дамир Каирлиев, “Үздік техника” номинациясының иегері, «Балауса» балалар аула клубының театр үйірмесі жетекшісі: 

Өте қуаныштымыз. Аталмыш шара командалық жарыс форматында өткізіліуімен ерекшеленді. Белдесу кезінде өзіңді ғана емес, топ мүшелеріне де алаңдап, уайымдап тұрасың. Командалардың дайындығы жаман емес, алайда келесіде жігіттер бұдан да жақсы дайындықпен келеді деп ойлаймын. Жартылай финалда Сырымдықтармен белдесу өте қызықты әрі тартысты өтті.  Жалпы, жарыс көңілімізден шықты. Өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылар болашақта бұл шараны дамытып, республикалық деңгейде ұйымдастыру жоспарда бар деп жатыр. Өткізілетін болса, барымызша өңіріміздің намысын қорғауға атсалысатын боламыз.


Айбарша ЛЕКЕРОВА
Орал қаласы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты