Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР ІІМ Ұлттық ұланға көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланға көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды
Фото: polisia.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланға көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. 2026 жылғы 22 мамыр мен 30 маусым аралығында құқықтық тәртіп әскерінің қатарына шамамен 7 мың адамды шақыру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бірінші орынбасары — Бас штаб бастығы Қайрат Ақтановтың төрағалығымен өткен көктемгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңесте мәлім болды. Қазіргі уақытта Ұлттық ұланның шақыру және жасақтау бөлімінің офицерлері 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада жұмыс жүргізуде. Жас сарбаздардың басым бөлігі қоғамдық тәртіпті сақтау, бұқаралық іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ маңызды мемлекеттік нысандар мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету міндеттерін атқаратын әскери бөлімдерге жіберіледі.

Бүгінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде. Күн сайын құқықтық тәртіпті сақтау қызметіне 7 мыңнан астам ұландық сарбаз жұмылдырылады, тағы шамамен 2 мың әскери қызметші маңызды мемлекеттік нысандар мен ҚАЖ мекемелерін күзетуде қызмет атқарады. 2026 жылдың басынан бері құқықтық тәртіп әскері әскери қызметшілері мыңдаған құқықбұзушылықтың жолын кесіп, есірткі заттарын заңсыз сақтау фактілерін анықтады, заңсыз айналымнан суық және атыс қаруының шамамен 30 бірлігі тәркіленді. Сонымен қатар ұландықтардың қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында адасып кеткен балалар мен жоғалған телефондар азаматтарға қайтарылды. Ішкі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне ерекше рөл жүктелген. Күн сайын бөлімшелердің жеке құрамы қоғамдық тәртіпті күзетуге, мемлекеттік, қоғамдық-саяси және мәдени-бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланындағы қызмет жас қазақстандықтар үшін батылдықтың, тәртіптің және жауапкершіліктің маңызды мектебі болып қала береді. Олар ел азаматтарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді