Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарулы күштердің қатары әскерге жаңа келген сарбаздармен толықты

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери бөлімдеріне жіберу үшін қалалар мен облыстардың қорғаныс істері жөніндегі департаменттері мен басқармалары әскерге шақырылушылар командаларын жасақтауға кірісті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанында Қазақстан әскеріне 6 000-нан астам жасөспірімді шақыру жоспарланып отыр.   

Алғашқы командалардың бірі Түркістан облысынан Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығына жіберілді. 

– Армия – жас жігіттің өміріндегі маңызды кезең. Әр ер азамат ел басына күн туғанда өз отбасын, Отанын қорғауға дайын болуы керек. Жақындарын қорғай білуі керек. Алдағы әскердегі қызмет Отан қорғауға үйретеді. Ертеңгі азаматтық салаға да қажетті әскери-есептік мамандықтар ала аласыз, – деді әскерге шақырылушыларды шығарып салу салтанатында қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны 30 маусымға дейін жалғасатынын айта кеткен жөн. Осы уақыт ішінде 17 000-нан астам қазақстандық Мемлекеттік күзет қызметіне, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелеріне шақырылатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді